Вход в систему

Опрос

Удобен ли в использовании портал электронной сдачи ПСД?:

Последние ответы на вопросы

Мемсараптама 2010 жылғы жұмыстарын қорытындылады

2011-01-29
Мемсараптама 2010 жылғы жұмыстарын қорытындылады

2011 жылғы 13-14 қаңтарда «Мемсараптама» РМК-ның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен бас бухгалтерлерінің қатысуымен кеңейтілген жиналыс өткізіліп, 2010 жылғы кәсіпорын жұмысын қорытындылады.
«Мемсараптама» РМК жүйесінің қызметін қорытындылау және 2011 жылға арналған Мемсараптаманың міндеттері туралы» Бас директор Б. Ережепов баяндама жасады.
2010 жылдың қорытындысы бойынша «Мемсараптама» РМК-ның жүйесінде жалпы республика бойынша жалпы суммарлық құрылыс құны 7 трлн. 452 млрд.теңге тұратын 10 мың 063 жобалау құжаттамасы қаралған.
Сапасының төмен болуы себепті құрылыс құны 710,31 млрд.теңге тұратын 175 жоба пысықтауға қайтарылды, ал қалған 9 мың 888 құжаттама мемлекеттік сараптаманың ескертпелерін түзегеннен кейін оң қорытынды ресімделіп бекітілуге ұсынылды.
«Мемсараптама» РМК-ның Бас директоры өз сөзінде жекелеген мәселелерге де тоқталып өтті, оның ішінде Еліміздің Президенті жанындағы жемқорлықпен күрес мәселелері Комиссия отырысының материалдары бойынша құрылыстың қымбаттау факторына жүргізілген талдау нәтижелеріне, «Мемсараптама» РМК-ның біріккен менеджмент жүйесін және ақпаратпен қамтамасыз етуді жетілдіру, отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау мәселелері және 2011 жылғы негізгі басты мақсат пен міндеттерді атап көрсетті:
1) келешекте жобаларды бағалау және талдау сапасын көтеру, мемлекеттік сараптаманың тиімділігі мен пәрменділігіне қол жеткізу.
2) облыс орталықтарындағы аумақтық бөлімшелердің материалдық-техникалық базасы мен өндірістік-шаруашылық инфрақұрылымын жақсарту.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылға арналған қызметінің негізгі бағыттары мен Есеп комитеті мен ҚР-ның Бас прокуратурасының тексерістерінің қорытындылары туралы, Агенттікке бекітілуге жіберілетін сараптау қорытындысының сапасы туралы Сәулет, жобалау жұмысы және сметалық нормалар департаментінің директоры Д.Тұрышева сөз сөйледі.
Аумақтық бөлімшелердің қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы туралы «Мемсараптама» РМК-ның бас бухгалтерінің міндетін атқарушы Д.Мұхамедиева баяндама жасады, ол өз сөзінде 2010 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындыларына тоқталып, ФХД жоспарын дұрыс қалыптастыру, кәсіпорынның ақшалай қаражатын ұтымды пайдалану мәселелеріне аса көңіл бөлу қажеттігін баса айтты.
Қазақстан Республикасында қолданылатын заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтау және «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелеріндегі кадр жұмысы мәселелері жөнінде «Мемсараптама» РМК-ның құқықтық қамтамасыз ету және кадр жұмысы бөлімінің бастығы З.Ыдырысова баяндама жасады. Ол баяндамасы барысында мемлекеттік сараптама жүйесі қызметінің тиімділігі тек жоғары білікті кәсіби мамандарға байланысты екенін, осыған байланысты «Мемсараптама» РМК-да мемлекеттік сараптама жүйесінде қызметкерлерді үздіксіз оқытуда үлкен іс тындырылып жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, «Мемсараптама» РМК-ның кейбір аумақтық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасында қолданылатын заңнамалар мен нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзу фактілері кездескеніне мысалдар келтірді.
Жиналыс барысында 2010 жылғы аумақтық бөлімшелердің өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша «Мемсараптама» РМК-ның аумақтық бөлімшелері басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Жиналыстың екінші күні «Объекті құрылысына арналған жобалау құжаттамасына сараптама жүргізу кезінде мемлекеттік норматвитердің талаптарын сақтау» тақырыбы бойынша баяндаманы өндірістік бөлімнің бастығы К.Хван және 2010 жылғы «Мемсараптама» РМК-ның аумақтық бөлімшелерінің сараптау қорытындыларын дайындау сапасын бағалау және «Мемсараптама» РМК-ның біріккен менеджмент жүйесі, Электронды құжат айналымының біртұтас жүйесі мәселелері жөнінде Әдістемелік және ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Е.Ақанов сөз сөйледі.
Сондай-ақ жиналысқа «Аll-Soft» ЖШС-нің директоры А.Дрогонов қатысып қатысушыларды сараптау қызметінде мамандандырылған бағдарламалық өнімді қолдану туралы ақпаратпен таныстырды.
Өткізілген кеңес қорытындысы бойынша Мемсараптаманың барлық жүйесінде 2010 жылға арналған жұмыс қорытындысы шығарылды, «Мемсараптама» РМК-ның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары аумақтық бөлімшелердің директорларымен пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ Мемсараптаманың 2011 жылғы басым бағыттары анықталды.